«Мектепке жол» Республикалық акциясы » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» Республикалық акциясы
07
август
2023

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

«Мектепке жол» Республикалық акциясы
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
"Мектепке жол" акциясы балаларды оқыту кезеңінде қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке зор қуанышпен баруы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады.
Біз тұрғындарымызды игі істі қолдауға және оған қатысуға шақырамыз!
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 8-707-172-06-92  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: