15
ноябрь
2023
Теңге - Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны
Экономикалық білім негіздерін қалыптастыру, ақшаның пайда болуы, оны адамзаттың тарихи дамуында пайдаланылуы, олардың қазіргі өмірдегі рөлі туралы жалпы түсінік беру мақсатында "№ 166 Лицей" КММ-сінің 6 "Б" сыныбында "15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні" тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Сабақ "Теңге - Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны" бейнеролигін көрсетуден басталды, балалар теңгенің пайда болуы және ұлттық валюта туралы ақпарат алды, ақша туралы мақал-мәтелдерді еске алды. Алған білімдерін бекіту және тексеру үшін "Теңге" викторинасы өткізілді.