Ең үздік ата-аналар жиналысы » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
декабрь
2021

Ең үздік ата-аналар жиналысы

2021 жылдың 13 қараша күні «№ 166 лицей» КММ-сінде 8 «А» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Бала тәрбиесінің отбасындағы және мектептегі құндылығын артыру» деген тақырыпта ашық ата-аналар жиналысы офлайн форматта өткізілді. Жиналысты сынып жетекшісі Хамзаева Кадиша Ибрагимқызы ұйымдастырды.
Жиналысқа оқушылардың ата-аналарымен қатар лицей әкімшілігі де қатысты.
Жиналыс сынып жетекшісінің көңілді ойшақыруынан басталды. Ата-аналардың көңілін көтеріп алған соң, сынып жетекшісі жиналыстың тақырыбы мен кездесудің алдына қойылып отырылған мақсаты пен міндеттерін айтып өтті. Оқушылармен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен таныстырып, әр оқушыға мінездеме берді.
Жиналыс соңында лицейдің педагог-психологі Түркменбаев Арыстанбек Ремезанович ата-аналармен тренинг өткізді. Тренинг барысында педагог-психолог оқушылармен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен таныстырып, ата-аналарға өз балаларына мәнездеме беруін және ортаға шығып, өз баласына мінездеме беруін өтінді. Әр ата-ана мұндай тапсырманы қуана-қуана орындап, әркім өз балаларының бойындағы жақсы қасиеттері мен қол жеткен жетісткері туралы мақтана айтып берді.
Ата-аналармен бас қосу көңілді, қызықты және де аса маңызды болып өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: