Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің отырысы » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің отырысы
30
октябрь
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің отырысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің отырысы
2023 жылдың 30 қазан күні «№ 166 лицей» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті. Отырыста пән мұғалімдері өз біліктіліктерін арттыру тақырыбында тәжірибе алаңына шығып, әріптестерімен ой бөлісті.
Күн тәртібі бойынша І тоқсан бойынша 5-11 сыныптардың білім сапасы мен үлгерімінің қорытындысы талқыланды. 9,11 сынып бітірушілерін қазақ тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауға және білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жұмысына дайындығы сарапталды. Күн тәртібінің соңғы мәселесінде әр түрлі мәселелер қаралды: айлық жұмыс қорытындысы; білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтырудың мақсатты шаралары; 5-11 сынып білім алушыларын пәндік олимпиадаларға қатыстыру мәселелері талданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: