Судағы қауіпсіздік ережелері » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2019

Судағы қауіпсіздік ережелері

Судағы қауіпсіздік ережелері
Суда абай болыңыздар!
Күннің қатты ысығанынан барлық су айдындарда демалушылардың саны күрт өсуде. Суда демалыңыздар, күштеріңізді және денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ Есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
• шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерлерінің, туристік фирмалардың және демалыс зоналарының басшылары!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.
Шомылу кезінде абай бол.

- Суға шомылғанда тек жабдықталған жағажайларда және басқа арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылыңыздар ;
- Жүзе білмей тұрып, беліңізден жоғары келетін суға түспеңіз ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР !
- Қатаң түрде балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларының жағалауында қалдырмаңыздар;
- Балаларға үрлемелі матрацтармен,камералармен,тақтайлармен,үрлемелі ойыншықтармен жүзуге тыиым салынады.
ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ
-Ескертпе белгілерден ары жағадан алысқа жүзіп кетпеңіздер.
- түнгі уақытта, алкогольдік ішімдік ішкенен кейін суға шомылмаңыздар;
- Қайықтан,катерден, суда жүзетін велосипедтен, жағадағы кеме аялайтын орыннан,көпірден және белгісіз орындарда суға секірмеңіздер.
-Суда қауіпті жағдайлар туғызбаңыздар.

Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.

Жүзу құралдарын қолданғанда тыйым салынады:
1. Иесіз және техникалық ақаулы қайықтарды пайдалануға.
2. Құтқару және су төгетін құралдарсыз жүзуге шығуға.
3. Жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен жүккөтерімділігінен артық жүктеуге.
4. Ішімдік ішкен күйде серуендеуге.
5. Ересектердің қарауынсыз 14 жасқа дейінгі балалардың жеке серуендеуіне.
6. Қайықтың борттарында және алдыңғы герметикалық бөлігінде отыруға.
7. Жүзіп келе жатқанда орын ауыстыруға, сондай-ақ бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға.
8. Қайықтан, катамараннан және т.б. тікелей суға түсуге.
9. Жүзу құралдарымен моторлы кемелерге жақындауға.
10. Түнгі уақытта жүзу құрадарын пайдалануға.
Суға батушыға алғашқы көмек көрсету бойынша ұсыныстар
Суға батып бара жатқан адамды көре салысымен бірінші айналадағылардың назарын: -«Адам батып бара жатыр!»,- деп айғайлап аудару қажет. Әрқашанда суға батушыны құтқаруға ересек адам табылады.
Суға батушыны құтқару кезіндегі үш тәсіл:
Қолтығынан ұстап сүйреу:
Құтқарушы суға батушыны қол астынан ұстап, шалқасынан жүзе отырып сүйреп шығарады.
Шашынан сүйреу:
Суға батушыны бір қолмен шашынан немесе жағасынан ұстап, басын су бетінде ұстауға тырысып, кез келген тәсілмен жүзу.
Шынтағынан жоғары ұстап сүйреу:
Суға батушының артынан екі қолынан ұстап артқа қарай тартып, өзі сол (оң) қолын оның қолының астынан арқасына өткізіп, басқа қолынан шынтағынан жоғары ұстап, бір қырымен жүзу.



Есте сақтаңыз!Зардап шегушінің өмірін тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.
Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін: Есте сақтаңыз
Зардап шегушінің басын қисайта бұрып аузын құмнан, лайдан тазартыңыз. Осы әрекеттерге 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс.
Зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді орап төсеп, басын барынша шалқайту керек. Мұрынын қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің аузына дем береді. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы керек.
Жасанды тыныс берумен бір мезгілде жүрек сыртынан массаж жасауға болады. Төс сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу).
Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болса, оған ес кірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа кеткен жоқ. Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: