ҚР-сы Президентінің Жолдауы » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
октябрь
2018

ҚР-сы Президентінің Жолдауы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру «Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Бұл біздің үлкен байлығымыз. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына, оның өңірдегі геосаяси рөлін жоғарылату үшін көп жұмыс істедік». «Бізді өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ішіндегі жауапты әрі қалаулы халықаралық әріптес ретінде дүниежүзі таниды. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдері арасында EXPO 2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған бірінші мемлекет болды». «Астана халықаралық қауымдастық сенетін орталыққа айналды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық-мәдени орталығы ретінде және болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елорда – Астананы салдық. Ол халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Халық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық». « Соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 млрд АҚШ долларынан артық тікелей инвестиция тартылды. Ел экономикасын өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді». «Министрлер мен әкімдер экономикалық көрсеткіштерді әрдайым есінде сақтауы тиіс». «Біліктілік жоқ жерде мамандық та жоқ». «Ең аз жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға ұлғайтылсын». Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі». «Халық қазір күйлі, заттың бағасына қарамай, импорт тауарды алады. Халықты өз елімізден шыққан киіммен киіндіру керек. Азық-түлікті шеттен әкелуді доғару керек. Сыртқа шикізат сата бермей, тауар сату керек. Алматы облысында етті сүйегіне дейін өңдейтін ірі зауыт салынып жатыр». «Байсерке Агро» енгізген тамшылатып суару жүгері өндіруді 3-4 есе арттырды. «СҚО-дағы «Зенченко» шаруашылығы жемістің көптеген түрін өсіреді. Неліктен солтүстікке түк шықпайды дей береді?» «Үкімет Назарбаев Университетпен бірігіп, әр бағыт бойынша жұмыс жасауды бұйырамын». «Ұлттық Банк Үкіметпен бірігіп, қаржы саласын сауықтыруды қолға алсын». «Шағын және орта бизнес банктен алған ақшаны алып, кәдеге жаратқаны жөн. Әрқайсың бөлек емес, бірігіп жұмыс істеңдер». «Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» жөніндегі рейтингісі бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 36-орынға көтерілді. АХҚО-дағы алаңды қаржылану үшін белсенді қолдану керек. Инфрақұрылымның әлеуметтік қауіпсіздігіне қаржы бағытталсын. Бұл – маңызды сала. Білім, ғылым, медицинаға ЖІӨ-нің 10 пайызы жұмсалсын». «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінетін болады». «Балалардың 95 пайызы балабақшаға барады. Бұл жоғары көрсеткіш. Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандартын орта мектептер үшін қолданылсын. Біздің балаларымыз – әлемнің балалары. 2019-2021 жылы мектеп құрылысына 50 млрд теңге бөлінсін». «Баланың 3 ауысымда оқуына жол берілмесін. Ол түн ортасына дейін мектепте отырмауы керек. Келесі жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдансын. «Биыл университет түлектерінің қанша бөлігі жұмысқа тұра алмады? Осы көрсеткішті ашып көрсету керек. Жұмысқа тұруға жол ашпайтын дипломның керегі жоқ». «Қолда бір инфрақұрылым негізінде Назарбаев университетіне ұқсас университет құрылсын. Бұл негізі политехникалық ЖОО болады». «Біздің түлектер неге Ресейге оқуға кетеді? Себебі біздің ЖОО-ға сенім аз, сапа төмен. Біріншіден, жоғарғы білімнің қолжетімді болуы қамтамасыз етілсін». «Учаскелік медициналық қызметкерлерге келер жылдан бастап жалақы 20%-ға ұлғайтылсын». «Онкологиялық орталықтарда киберпышақ болатын болсын. Обыр дертін жеңу үшін онымен күрес құралдары жетілдірілсін. Сауықтыру орталықтары әрбір аулада болсын». «100 денешынықтыру-сауықтыру орталығы салынсын. Мысалы, Түркияда денені жаттықтыру құралдары қысы-жазы сыртта тұрады. Толып жатқан спорт кешендері қарапайым халықтың игілігіне жұмыс істесін. Олар не үшін салынды? Балаларға тегін болсын». «Халықтың дені сау болуы үшін тамақ пен дәрі-дәрмек, су сапалы болуы тиіс. Қытай ойыншықтарынан қауіпті нәрселер шығып жатыр. Бұл балалар үшін қауіпті. Тексеруіміз керек!». «Біз бизнеске көп жеңілдік жасап, тексеруді шектедік, бірақ тұтынушының құқығы қорғалсын. Салынған үйлерді комиссиялар қабылдамай жатыр. Архитектуралық бақылау қайда қарап отыр?» «Адамның қолайлы өмір сүруі үшін оның үйі қауіпсіз болу керек». «Ипотеканы дәрігерлер, полицейлер мен мұғалімдердің алуына көмек берілсін». «Бізде мұны тек Алматы мен Астанада қадағалаймыз. Өзге қалаларда да осылай болуы тиіс». «Тұрғын үй ипотекасы біраз жеңілдеді. Бірақ оны дұрыс іске асыру керек». «ҰОС ардагерлерінен бөлек өзге халыққа да пәтер беруді қарастыру керек». «Инженерлік инфрақұрылымды жақсарту арқылы 2 миллионнан астам халықтың баспана мәселесін шешуге жағдай жасаймыз». «Тұрғын үй құрылысы бойынша бағдарламаны іске қосу 5 жылдың ішінде 650 мың отбасының немесе 2 миллион адамның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді». «Футуристік қалалар құрылысы әлемді қызықтырып отыр. Футуристік қалалар әдемі, қолайлы және қауіпсіз. Урбандану барысын тоқтату ендігәрі мүмкін емес. Сол себепті қалаға көшкен жұрттың жағдайын жасау керек». «Отбасыларға арналған жатақхана типті пәтерлер салу керек». «Қазір адамдар егін бітік шығу үшін көп күш жұмсамайды. Мұның бәрін техника жасайды». «Экологияны жақсарту жұмыстары жүргізілсін». «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз ортаны» жасау мәселесіне баса назар аудару қажет». «Полиция қиын кезде адамға көмектесуі керек. Тәртіп сақшысы адам ұрғыш таяққа айналмасын». «Күзет ведомствосы мен полицияның аражігін ажыратып алу керек». «Полицейлердің әлеуметтік мәселелері шешілсін. Заң факультетін бітірген адамдар полиция болуы тиіс. Полиция кадрлары академия арқылы іріктелуі керек. Полицейлердің жаңа стандарты бекітілсін. Барлық қызметкерлер қайта аттестаттаудан өтсін». «Полиция жұмысын сервистік модельге ауыстырған жөн. ІІМ қызметін бағалаудың басты критерийлері – қоғамның сенімі және тұрғындардың қауіпсіздікті сезіну деңгейі болуы шарт». «Заң мен құқықтың үстемдігі – біз бастаған реформалардың табысты іске асуының басты факторы» «Заң үстемдігі – ең басты нәрсе. Көшедегі полицей – Президенттің өкілі». «Полицейлерді жұмысқа алуда шет елдердің тәжірибесімен жүргізу керек». «Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы әзірленеді. Реформа 2019 жылдың басынан басталуы тиіс». «Тек үздік заңгерлер ғана судья болуға лайықты». «Әлемде сотқа барып, жұрт проблемасын шешеді. Ал бізде Президентке хат жазады». «Тәуелсіздігімізге 27 жыл болды. Әлі бұрынғы судьялар отыр». «Соттарға кәсібилік жетіспейді». «Мемлекеттік қызметкер халық пен Үкімет арасындағы алшақтықты қысқартуы тиіс». «Бір лауазым иесі жұмысқа тұрса, айналасына хатшыдан бастап адамды қаптатады. Мұнан соң мемлекеттік қызметке жұмсалатын шығын арта береді». «Мемлекеттік қызметте отырған 10 адамның тек үшеуі ғана нағыз жұмыс істейді. Қалғандары сол 3 адамның есебінен нан табады». «Кейбіреулер бюджет ақшасына мәңгі таусылмайтын мүлік ретінде қарайды. Экономика үнемді болуы тиіс. Осы ескі ережені еске алайық». «Бастықтар 27 жыл бойы басып алған жерлерді кері қайтарсын. Себебі маңызды бөліктерді алып, оны еш кәдеге асырмай отырсыңдар. Мысалы, Қытайда, жерді неғұрлым тиімді пайдаланған адамға көбірек гектар беріледі». «Жемқорлықтан таза аймақтарды қалыптастыруға күш салайық. Түркістан облысында еден жуушы жұмысқа тұру үшін пара беруге мәжбүр. Мұндайды қалай тыясыңдар ? Соңғы кезде ұзыннан ұзақ жиналыстар көбейіп кетті. Қысқартыңдар!» «Жиналыста отыру уақыт жағынан 100 тәулікке жеткен. Сонда адамдар қай кезде жұмыс істейді? Адамдарға жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек! Жиналыс, отырысты қысқарту керек!» «Мемлекеттік қызметкер түнгі 12-ге дейін жұмыста отырмау керек! Тәртіп сақталу керек. Әр адам өз ісімен айналысуға мүмкіндік бергеніміз дұрыс!» «Керек жерге жетіп бармай, тапсырманы кабинеттегі телефон арқылы беру керек». «Ұлттық модернизация кабинеті құрылсын». Елбасы Үкіметтің және басқа мемлекеттік органдардың жұмысында бюрократизм мен формализмді қысқартуды тапсырды. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек». «Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын». «Ауыл - ел бесігі» деген жобаны іске асыру керек». «Бүгінгі Жолдауда айтылған мақсаттарға 1,5 трлн теңге керек». «Халқымыздың бай-қуатты өмір сүруі – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты!»

И

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: