Экологиялық калейдоскоп
Экологиялық калейдоскоп Балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және цифрлық шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «№ 166 лицей» КММ-сінде «Экологиялық калейдоскоп» атты электронды экологиялық ашықхаттардың жалпы қалалық челленджі ұйымдастырылды. Челлендж аясында 11 «В» сынып оқушылары «Таза қала — қауіпсіз болашақ» бағытын таңдап, «Таза қала сенен басталады!» қағидатын басшылыққа ала отырып, ашықхаттар дайындады.