14
октябрь
2022
Қызыл кітап
2022 жылдың 3-13 қазан күндері аралығында «№ 166 лицей» КММ-сінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндік жоспары негізінде пән мұғалімі Лекимова Ш.Л. 13 қазан күні 5 «Г» сынып оқушыларымен «Қызыл кітап» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар «Қызыл кітап» туралы тереңірек түсінік алып, кітапқа енген жануарлар туралы ой бөлісті. Сабақтың басында WORDWALL қосымшасында сәйкестендіру әдісі арқылы оқушылар өткен бөлімді қайталады. «Қызыл кітап» туралы мәліметтерді ала отырып, диаграмма толтырды. Сабақты қорытындылау үшін «дұрыс-бұрыс» әдісі, кері байланысқа «еттартқыш» әдістері қолданылды. 










