Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2021

Латын әліпбиіне көшу қажет пе?

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «№ 166 лицей» КММ-сінің 9 «А» сынып оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гулмира Қасымханқызы Бектұрсынованың ұйымдастыруымен пікірсайыс болып өтті.
Пікірсайыс барысында оқушылар латын әліпбиіне көшу мәселесі туралы өз пікірлерімен бөлісіп, көкейде жүрген сұрақтарын да ортаға салды.
Оқушылардың біршама бөлігі «Латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын, себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшкенде тіл ауыспайды, таңба ауысады. Екіншіден, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз» деген оймен бөліссе, екінші бір бөлігі де латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтарын көрсете білді. Біріншіден, тіліміздің тазарады. Екіншіден, халықаралық деңгейге көтерілуге септігін тигізеді. Үшіншіден, шетелдерде тұратын туған халқымызбен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: