Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2022

Ел болашағы

«№ 166 лицей» КММ-сінде «Ел жастары» бағдарламасының аясында 11-сынып оқушыларымен «Ел болашағы» атты сабақтан тыс іс-шара болып өтті. Шара барысында Гүлмира Қасымханқызы Қазақстанда жастар мәселесіне көп көңіл бөлінеді, өйткені жастар елдің болашағы екенін айтып өтті.
Шара барысында оқушылар топ-топқа бөлініп «Ел болашағы - жастар» деген тақырыпта постер қорғады. Бір топ Ғани Мұратбаевтың «Жастардың бүгінгі міндеті – оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды» деген қанатты сөзін басшылыққа алса, екінші топ Мұхтар Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген қағида сөзін басшылыққа алды.
Шара соңында оқушылар «Тек білімді жастар ғана Қазақстанның болашақ келбетін айқындайды және білімді әрі бастамашыл жастар ғана мемлекетті басқа елдерге таныта алады» деген қоррытындыға келді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: