Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Сөз қадірі – өз қадірің» постер сайысы
08
сентябрь
2025

«Сөз қадірі – өз қадірің» постер сайысы

«Сөз қадірі – өз қадірің» постер сайысы  

Оқушылардың ұлы ақын Абайдың шығармалары арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында 2025 жылдың 08 қыркүйек күні "№166 лицей" КММ-сінің 11-сынып оқушылары арасында «Сөз қадірі – өз қадірің» тақырыбында плакаттар мен постер сайысы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Абай Құнанбаевтың табиғатқа байланысты нақыл сөздері мен Табиғат-Ана туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар ұлы ақынның шығармашылығымен кеңінен танысып, Абай туралы білімдерін толықтырды.

Бұл іс-шара 11-сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Оқушылардың дайындаған плакаттары мен постерлері олардың табиғатқа жанашырлықпен қарайтынын, Абай мұрасына қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

https://www.instagram.com/p/DOU-qduCJ5m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: