ҚР-сы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» ҚР-сы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында
27
февраль
2021

ҚР-сы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында

Дөңгелек үстел «Тәуелсіздік – бабадан қалған аманат»

XX ғасырда ұлтымыз талай қилы кезеңдерді, бірнеше саяси репрессияны бастан кешірді. Мыңдаған ұлтжанды, талантты ғалымдар, қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті. Солардың бірі біздің еліміздің және түркі әлемінің ең ірі қайраткерлерінің бірі - саясаткер, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына орай 2021 жылдың 26 ақпан күні Алатау аудандық білім бөлімінің басшылығымен «№ 166 лицей» КММ-сінде айтулы тұлғаның құрметіне аудан дебаттық клубтары мүшелерінің қатысуымен «Тәуелсіздік – бабадан қалған аманат» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Әлихан Бөкейхановтың патриот, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған биік азамат ретіндегі жеке басының тарихи маңызын көрсету және Әлиханның өмірі мен саяси қызметін мысалға ала отырып, Отанға ерлікпен қызмет етудің үлгісін көрсету.
Іс-шара барысында Ә.Н.Бөкейханов жайында мол мәліметтер айтылып, дара тұлға туралы деректі фильм көрсетілді. Іс-шараға қатысып отырған аудандық дебат клубтары мүшелері осы тақырып төңірегінде өз ойларын айтып, пікір алмасты.
Іс-шара соңында өнерлі оқушылар домбырамен күй тартып, ән салды.
Өмір жолы қиын болса да, сол қиындықтарға тайсалмай төтеп берген Әлихан Бөкейхановтың халық алдындағы ерен еңбегі, тар жол, тайғақ кешкен қиын да күрделі өмірі бүгінгі және ертеңгі ұрпаққа рух берері сөзсіз

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 март 2020 Юбилей Абая
27 сентябрь 2019 Хаттама
27 сентябрь 2019 Хаттама