Хаттама » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2019

Хаттама

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАҚЫРЫПТА ӨТКІЗІЛГЕН СЕМИНАРДЫҢ ХАТТАМАСЫ
фото

Алматы қаласы сағат 11.00 25.09.2019 жыл


Күн тәртібінде:

Семинарды өзінің кіріспе сөзімен «№ 166 лицейі» КММ-нің директоры Ахметов Талғат Дүйсенәліұлы ашты.

Қайырлы күн құрметті әріптестер!!!
Бүгін лицей мұғалімдері сіздермен тақырыптық семинар өткізу ұйымдастырылуына байланысты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ҚР заңдарын егжей-тегжейлі талқылау үшін жиналдық.
Талқыланатын сұрақтар:
1. 18.11.2015ж. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы, 26.12.2014 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «ҚР-ның мемлекеттік қызметің жаңа моделінің тұжырымдамасы», 30.11.2016ж. ҚР "Мемлекеттік қызмет жөніндегі" заңы, 11.11.2014ж. қабылданған «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасы»;
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жылға арналған Жол картасы.

Осы заңдар мен нормативті құжаттардың маңыздылығы мен өзектілігін түсіндіру үшін, бірінші сөз директордың оқу ісі жөнідегі орынбасары Мурзумуратова Рамиля Ахметқызына беріледі.
Құрметті семинарға қатысушылар!
Бүгінгі күні Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресуге жалпы мемлекеттік мәртебе беріліп, "Қазақстан-2050" Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, - деп нақты атап көрсетілгендей, "Мемлекет және қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы тиіс.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын мақсатты және кезең-кезеңімен түсіндіру үшін әлемдік стандарттарға сай институттар мен тетіктерді құруға бағытталған.
2001 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, соның шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауын жою жөнінде нақты шаралар қабылдануда.
Біздің елімізде қазіргі заманға сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қызмет атқарады, оның негізі болып "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдары болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті орган құрылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылады.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын қабылдап, осы келеңсіз құбылысқа қарсы күрестің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі қағидалары мен тетіктерін айқындады. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған, жемқорлықтан туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды орындайтын басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашуға бағытталған, олардың салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту, негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түрлерін белгілейді сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын айқындау.
Барлықтарыңызға белгілі Қазақстан Республикасы Президентінің 26 желтоқсандағы 2014 жылғы № 986 жарлығымен "Қазақстан республикасындағы сыбайлас Жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 9 бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілікті қалыптастыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз құзыреті шегінде қоғамдық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті бейнелейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар, білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы бағыттар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын жағдайларға жол бермеу керек. Мемлекет басшысымен құқықтық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметшілер алдына ауқымды міндеттер қойылды. Әрбір Қазақстандықтың құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ете отырып, еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін арттыру үшін өз үлесімізді қосамыз.
Назарларыңызға рахмет!
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жылға арналған Жол картасы бойынша екінші сөз орыс тілі мұғалімі Хамзаева Хадиша Ибрагимқызына беріледі.
Қайырлы күн әріптестер!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың ағымдағы жылғы 17 қаңтардағы бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдағы үш жылға дейінгі даму кезеңіне арналған Жол картасы бекітілді. Стратегиялық құжат – Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының қызметінде терең, әрі сапалы өзгерістер жүргізу туралы тапсырмасы негізінде қабылданды. Осы мақсатта 2019-2020 оқу жылы «№ 166 лицей»-дің оқушылары арасында «Жемқорлық – құқық бұзушылықтардың картасы» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды атқару бойынша міндеттер қойылған.
Атап айтсақ:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» - сынып сағаттары(оқушылар, сынып жетекшілер);
2. «Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы» қысқа метражды фильм көрсету(мұғалімдер, оқушылар);
3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» - мәнжазба қорғау (оқушылар);
4. Ситуациалық жағдай (сахналық көрініс)
5. «Жемқорлық» тақырыбына сурет салу, оны қорғау;
6. .«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» пікірталас;


Шешімі:
1. «№166 лицейі» КММ-нің мұғалімдері және тех. қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарымен таныссын және әрдайым ұстанып жүрсін.
2. Ата-аналармен жемқорлық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.


Хатшы А.Қ.Нугумарова


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

27 сентябрь 2019 Семинар
27 сентябрь 2019 Хаттама