Семинар » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2019

Семинар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2019 жылдың 25 қыркүйек күні «№ 166 лицей» КММ-сінің педагогикалық ұжымы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ҚР заңдарын егжей-тегжейлі талқылау үшін жиналды.
Семинарды «№ 166 лицейі» КММ-нің директоры Ахметов Талғат Дүйсенәліұлы ашты. Содан соң 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы, 2014 жылдың 26 желтоқсанында қабылданған ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «ҚР-ның мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы», 2016 жылдың 30 қарашасында қабылданған ҚР "Мемлекеттік қызмет жөніндегі" заңы, 11.11.2014 жылдың 11 қарашасында қабылданған «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасы»; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жылға арналған Жол картасы туралы айтылды.
Осы заңдар мен нормативті құжаттардың маңыздылығы мен өзектілігін түсіндіру үшін директордың оқу ісі жөнідегі орынбасары Мурзумуратова Рамиля Ахметқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жылға арналған Жол картасы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хамзаева Хадиша Ибрагимқызы айтып өтті.
Семинар соңында «№166 лицей» КММ-сінің педагогикалық ұжымы мен қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарымен таныссын және әрдайым ұстанып жүрсін, ата-аналармен жемқорлық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілсін деген шешімге тоқталды.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

27 сентябрь 2019 Хаттама
27 сентябрь 2019 Хаттама