Қазақ АССР-інің тұңғыш халық ағарту комиссары » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ АССР-інің тұңғыш халық ағарту комиссары
11
апрель
2023

Қазақ АССР-інің тұңғыш халық ағарту комиссары

Қазақ АССР-інің тұңғыш халық ағарту комиссары
"№ 166 лицей" КММ-сінің 7 "Б" сыныбында қазақ халқының ұлы ұлдарының бірі Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына арналған ашық сынып сағаты өтті. Оқушылар мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, білім, мәдениет және өнердің дамуына зор үлес қосқан қазақ мәдениетінің терең білгірі Темірбек Жүргеновтің өміржолымен және еңбек қызметтерімен танысты.
"Сандар сөйлейді" айдарымен оқушылар қоғам қайраткерінің өміржолдарына, әсіресе қазақ мәдениеті мен білімін дамыту мәселелеріне жетекшілік еткен еңбек жылдарына назар аударды. Оның 1933-1937 жылдары Қазақстанның Халық ағарту комиссары болғанын білді. Оқушылар шығармашылық идеяларын көрсету мақсатында қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арнап қабырға газеттерін жасады. https://learningapps.org/display?v=pyt65py0523 бағдарламасының көмегімен сабақты қорытындылады.
Қысқа, бірақ жарқын өмір сүріп, өз қызметінде елдегі мәдени құрылыс идеясын жүзеге асырған Т.Жүргеновтің өмірі әрбір қазақстандық оқушы үшін үлгі, зор мақтаныш.
Первый народный комиссар просвещения Казахской АССР
В 7 "Б"классе КГУ "Лицей № 166" прошел открытый классный час, посвященный 125-летнему юбилею одного из великих сыновей казахского народа Темирбека Жургенова. Учащиеся познакомились с жизнью и трудовой деятельностью Темирбека Жургенова, государственного и общественного деятеля, публициста, глубокого знатока казахской культуры, внесшего большой вклад в развитие образования, культуры и искусства.
В рубрике "Цифры говорят" учащиеся обратили внимание на жизненные годы общественного деятеля, особенно на годы труда, которые курировали вопросы развития казахской культуры и образования. Узнали, что в 1933-1937 годах был комиссаром народного просвещения Казахстана. С целью демонстрации творческих идей учащиеся создали стенгазеты, посвященные жизни и творчеству общественного деятеля. С помощью программы https://learningapps.org/display?v=pyt65py0523 подвели итоги урока.
Жизнь Т. Жургенова, прожившего короткую, но яркую жизнь и воплотившего в своей деятельности идею культурного строительства в стране, является примером, гордостью для каждого казахстанского школьника.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: