Алматы – біздің қала » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2024

Алматы – біздің қала

«Алматы – біздің қала» сынып сағаты
Алматы туралы түсініктерін кеңейту, оқушылар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу мақсатында «№ 166 лицей» КММ-сінде 6-сынып оқушылары арасында «Алматы – біздің қала» атты сынып сағаттары болып өтті. Сабақ барысында оқушылар Алматы – қып-қызыл апортымен аты шыққан әсем қала, ол кез келген адам жанына рахат сыйлап, адамды өзіне әсемдігімен баурап алатын мәдени орындарымен де көрікті екені, қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені туралы, өнер мен білімнің қайнап жатқан ордасы, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналған, талай жастың көкірек көзін ашуға жол нұсқаған, талай қайраткерлерді, талантты тау тұлғаларды тәрбиелеген, аялы алақанына салып әлдилеген сұлу қала – Алматы туралы айтып, өлеңдер оқыды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: