Ең үздік сынып сағаты » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2021

Ең үздік сынып сағаты

Алматы қаласы, Алатау ауданы
«№ 166 лицей» КММ-сінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру» тақырыбына «Ең үздік сынып сағаты» номинациясы бойынша ақпарат

2021 жылдың 17 қараша күні «№ 166 лицей» КММ-сінде 6 «А» сыныбында сынып жетекшісі Қазыбаева Айгүл Аманжолқызының ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесінің отбасындағы құндылығын арттыру» атты тақырыпта сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатына лицей әкімшілігі қатысты.
Сынып сағатында әр түрлі әдістер қолданылды. Сынып жетекшісі алдына оқушыларға отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатын қойды.
Айгүл Аманжолқызы психологиялық минуттан соң, әрбір адам баласы үшін отбасының қадірін, маңызын түсіндіріп өтті. Сонан соң оқушыларды қатыстыра отырып әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сынып сағатын сауатты, көрнекті және мән-мағыналы етіп өткізді. Оқушылар сағат барысында өздерімен бірге ала кететін адами құұндылықтар туралы айтып берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: