Жырлайды жүрек » КГУ «Лицей №166» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№166 лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 301-78-71
Бухгалтерия:
+7(727) 247-28-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Жырлайды жүрек

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Жырлайды жүрек" атты 5-8 сынып оқушылары арасында мектепшілік байқау өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: талантты, шығармашыл оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету, М.Мақатаев шығармаларын насихаттаумен қатар, оқушылардың бойында көшбасшылық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін анықтау, поэзияға деген құштарлығын арттыру. Байқау екі кезеңнен өтті. Қатысушылар 1-кезеңде ақынның шығармашылығынан өздері таңдаған өлеңін жатқа айтса, 2-кезеңде ақынның өмірі мен шығармашылығынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар 1,2,3-орын дипломдарымен марапатталды. Атап айтқанда, 8Б сынып оқушысы Белгибаев Бекежан -1-орын, 8А сынып оқушысы Сарсенбекова Дамеля, 6Б сынып оқушысы Орынғазы Амина - 2-орын, 5А сынып оқушысы Генлюташ Мустафакадри, 6А сынып оқушысы Ким Юлия, 8А сынып оқушысы Ким Екатерина - 3- орын иеленіп, 5Б сынып оқушысы Даулет Дара және 6А сынып оқушысы Сырова Мариям алғыс хаттармен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: